Өскемендегі апат салдарынан 1177 абонент сусыз қалды

Фотография - Өскемендегі апат салдарынан 1177 абонент сусыз қалды

Өскемендегі апат салдарынан 1177 абонент, соның ішінде мектеп пен арнайы мекеме сусыз қалды

196 0

Өскемендегі Полтавский көшесінде тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету жүйесінде апат орын алды - суық сумен қамтамасыз ететін диаметрі 300 метр шойын құбыр жарылды.

21 қаңтар күні сағат 14:30-да 1177 абонент, соның ішінде мектеп пен 153/3 мекемесі сусыз қалды.

Апатты жоюмен «Су арнасы» МКК-ның мамандары айналысты. 22 қаңтар күні таңғы сағат 8-де 370 абонент суға қосылмай тұрды.

«Су арнасы» МКК-да сендіргендей, тұрғындарға ауызсу беру кесте бойынша екі көлік цистернасын пайдалану арқылы қамтамасыз етілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!