Қызылордада бес жылда сәбилер өлімі 23 пайызға төмендеді

Фотография - Қызылордада бес жылда сәбилер өлімі 23 пайызға төмендеді

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Серік Игембаев бұқаралық ақпарат құралдарымен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді

193 0

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Серік Игембаев бұқаралық ақпарат құралдарымен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.


Жалпы, Қызылода облысындағы өткен жылғы медициналық-демографиялық жағдай оң бағалануда. Халықтың орташа табиғи өсімі 21,65 пайыз (республикада бұл көрсеткіш 13,94 пайыз) деңгейінде, туу көрсеткіші - 28,36 пайыз (республикада 22,76) және өлім-жітім 5,4 пайызды (республикада 8,82) құрады. Сондай-ақ, аймақтың бас дәрігері ана өлімі көрсеткішінің 100 мың тірі туылған нәрестеге шаққанда бес жылда 70 пайызға төмендегенін айтты. Есепті мерзімде үш ана өлімі орын алды. Сәбилердің өлім-жітімі соңғы 5 жылда 23 пайызға төмендеді. Бұл нәтижелердің барлығына салада мемлекеттік бағдарламалар негізінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың арқасында қол жеткізіліп отыр.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдардағы жоғары білімді мамандарға тапшылық 2011 жылмен салыстырғанда азайды, әсіресе ауылдық жерлердегі дәрігер мамандарына қажеттілік соңғы үш жылда 52,3 пайыздан 37,8 пайызға төмендеген. 2009-2012 жылдары аудандық, ауылдық емдеу, алдын алу ұйымдарына жалпы 150-ден аса жас маман-дәрігер жұмысқа қабылданған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!