Қола дәуіріндегі зират табылды

Фотография - Қола дәуіріндегі зират табылды

 «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізі құрылысының аясында  жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдыққа қатысты зират табылды

325 0

 «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізі құрылысының аясында  жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдыққа қатысты зират табылды.

Бұл жайлы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қорғандардың бірінде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде қола дәуіріне  қатысты тоналмаған  зират табылды.  Өңделген ірі тас тақталардан құрастырылған зират ішінен 3 қыш құмыра, ет салатын ағаш астау, алтын мен күмістен соғылған зергерлік бұйымдар, оның ішінде сырғалар, алқалар, қаңылтыр салпыншақтар, ұштықтар, моншақтар, білезіктер мен жалпақ тіліктер табылды.

Нысанда қазба жұмыстарын жүргізген «Қазархеология» археология компаниясының директоры Жұман Смайыловтың айтуынша, Бұл - сол қалпында жеткен осыдан төрт мың жыл бұрынғы ақсүйектік зират. Барлық табылған заттар шаң басқаны болмаса, сол қалпында сақталған. Зираттың орта тұсында қола білезіктері мен әшекей бұйымдары бар жерленген  адам сүйектері,  ал оның жанынан алтын мен күмістен соғылған  бұйымдар мен мата қалдығы, шығыс жақ қабырғасында қыш пен ағаштан дайындалған ыдыстар табылды.

Археологтың пайымдауынша, табылған заттардың құндылығы  сол - олар өте ертедегі тарихи кезең - қола дәуіріне тиесілі. Осылайша, зерттеу жұмыстары  жүргізілген қорғанның архитектуралық ерекшеліктеріне қарап, мемлекеттіліктің өте ертеректе, металл мен көшпелі  шаруашылықты дамыту негізінде  құрылғанын байқауға болады.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізі қойнауы тарихи-мәдени ескерткіштерге  бай  Ұлы Жібек  жолы бойымен өтіп жатқанын естеріңізге  сал кеткіміз келеді.

Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов, Көлік және коммуникация министрлігі  «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің жобасын  жобалауда   құрылыс аумағына енетін  тарихи жерлер мен нысандарда  ғылыми зерттеу  жұмыстарын жүргізу міндетті түрде  қарастырылғанын  айтады. 

Замир Сағынов сондай-ақ, табылған тарихи құндылықтардың Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне  өткізілетіндігін мәлімдеді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!