Алматылық азаматтың есепшотына 500 мың доллар ақша түскен

Фотография - Алматылық азаматтың есепшотына 500 мың доллар ақша түскен

Алматыда 30 жастағы азаматтың біріне отандық банктің бірінен 500 мың доллар көлемінде (500 мың теңге қосымша) қаржы түскен. Қуса жеткізбейтін байлық өз аяғымен келіп отырғанда қалай қуанбасқа

243 0

Алматыда 30 жастағы азаматтың біріне отандық банктің бірінен 500 мың доллар көлемінде (500 мың теңге қосымша) қаржы түскен. Қуса жеткізбейтін байлық өз аяғымен келіп отырғанда қалай қуанбасқа. 

Бұл оқиға 21 қаңтарда болған. Әлдебір азамат банкке келіп, Астанадағы танысына жарты миллион доллар көлемінде қаржы аударады. Алайда, кассир қыз ақшаны ұлттық валютамен емес, доллармен аударады. Осы сәтте ақша алушының мекен-жайы өзгеріп, басқа адамға аударылып кетеді. Бұл жағдайды ақша салушы адам артынша аңғарғанмен, банк қызметкерлері өздерінің үлкен қателікке бой алдырғандығын байқамай қалады. Бұл туралы фейсбук әлеуметтік желісінде үлкен талқылау болғаннан кейін барып, іздестіру жұмыстары басталады. Нәтижесінде, аяқ астынан үлкен байлыққа қол жеткізген азаматты Алматыдан тауып алды.

«Менің есепшотыма жарты миллион доллар түскенін естігенде «Бұл не деген керемет!» дедім. Алайда, мен ол ақшаны алып, бірден жаратып тастау, немесе біреудің есепшотына аудару туралы ойға бармадым. Мен дәл осындай жағдай Германияда әлдебір жанның басынан өткендігінен хабардармын. Тіпті, ол ақшаны қайтарған кезде комиссия біраз ақшасын ұстап, он мыңдаған еуросынан айрылған» дейді әлгі уақытша «бақытқа» ие болған жігіт.

«Егер мен бұл ақшаны жұмсап жіберсем, әлгі ақша салушы мен банктің, тіпті кассирдің тағдырын тәлкекке айналдырған болар ем. Қандай жағдайда да шындық қымбат» дейді әлгі жігіт. Сондай-ақ, 30 жастағы алматылық осы қателік үшін банк басшыларынан кассир қызды жазаламауын өтінді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!