Ең жиі пара беретін көлік жүргізушілері еліміздің оңтүстігінде

Фотография - Ең жиі пара беретін көлік жүргізушілері еліміздің оңтүстігінде

деп хабарлайды «Қазтұтынуқадағалау» ҚБ жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес комитеті

193 0

Қазақстан облысы көш бастап тұр, деп хабарлайды «Қазтұтынуқадағалау» ҚБ жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес комитеті.

2012 жылы желтоқсанда «Қазтұтынуқадағалау» ҚБ жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес комитеті онлайн сауалнама жүргізген болатын. Онда 1 439 автокөлік жүргізушісі қатысып, жол полициясы қызметкерлеріне ең көп пара беретін аймақтардың рейтингісі жасалды.

«Бұл кестеде Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Олардан кейін Жамбыл және Қызылорда облысы тіркелген. Бұл сауалнамаға сәйкес, мейлінше жиі пара беру еліміздің оңтүстігінде кездесетіні белгілі болды. Бұған тұрмыстық жағдайдың жақсылығы да әсер етеді», - делінген хабарламада.

Рейтингтің келесі сатысына, яғни 4 және 6 орындарға Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысының жүргізушілері табан тіреді. Бұл аймақтарда да пара беру жиілігі жоғары. Айта кетерлігі, батыс аймақтағы Маңғыстау мен Атырау облыстарының жүргізушілері көршілеріне қарағанда мәселелерін жолда сирек «шешеді» екен. Бұл өңірлер рейтингтің ең соңғы орындарына тұрақтаған.

«Алматы мен Астана қалалары 5 және 7 орынға жайғасты. Үлкен қалаларда халықтың көптігі себебінен жемқорлықпен күресу өте қиын. Сондықтан, жағдайды қолға алу әзірге мүмкін болмай тұр», - деп атап өтті жемқорлыққа қарсы күрес комитеті.

Қазақстанның орталығы мен солтүстік, шығыс аймақтарында жүргізушілер өте сирек пара береді екен. Сауалнама жүргізушілерінің мәлімдеуінше, бұл жергілікті тұрғындардың мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты болып отыр.

Ал, Алматы облысының жүргізушілері Алматы қаласымен салыстырғанда параны екі есе аз береді.

Аймақтарды бақылау жұмысы Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін пара беру жиілігі коэффициентінің көлеміне қарай әзірленген. Аталмыш рейтинг жол полициясы қызметкерлеріне ереже бұзушыны ұстағаны үшін берілген сыйақы көлемін қосып, оны 100 пайызға бөлу есебімен жасалды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!