Алматыда 2008 жылдан бері 47 шақырым су құбыры ауыстырылды

Фотография - Алматыда 2008 жылдан бері 47 шақырым су құбыры ауыстырылды

Бұл туралы «Бастау» МКК директоры Қуанышкелді Базылов баспасөз конференциясы барысында мәлім етті

166 0

Алматыда 2008 жылдан бері 47 шақырым су құбыры ауыстырылып, 25 шақырым кабельдік желі төселді. Бұл туралы «Бастау» МКК директоры Қуанышкелді Базылов баспасөз конференциясы барысында мәлім етті.

Суды тұтынушыларға сараланған тариф бекітілгелі бері Алматыда суды үнемдеу мен су шаруашылығы активтерін жаңғырту жұмыстары жүргізілген.

«2008 жылы Алматыда суды тұтынушыларға ең алғаш сараланған тариф енгізіліп еді. Ол суды тұтынуды үнемдеп, су шаруашылығы агрегаттарын жаңартуға мүмкіндік берді. 2008 жылдан бері Алматыда 47 шақырым су құбыры ауыстырылып, 25 шақырым кабельдік желі төселді. 2,8 мың жапқыш жабдық алынса, 68 қысым реттегіш қондырғы орнатылды. 181 дана сорғы жабдығы іске қосылған. Тереңдігі 500 метрге дейін 17 ұңғыма бұрғыланды. Ал, сараланған тариф енгізілмеген 2008 жылға дейін 10 жылда бес-ақ ұңғыма бұрғыланған еді. 3,9 мың жалпы үйге арналған есептегіш құрал орнатылды. Биологиялық тазалау стансасы қайта жасалды», - деді Қ. Базылов.

Мекеме басшысының мәлімдеуінше, қазіргі таңда барлық су шарауашылығы кәсіпорындары шығынсыз жұмыс істеуде.

«Су шаруашылылығы кәсіпорындары жылына мемлекет қазынасына 1,5 млрд теңге салық түсіруде», - деп толықтырды Қ.Базылов.

Естеріңізге сала кетейік, 1 ақпаннан бастап Алматыда суды тұтынушыларға, соның ішінде есептеуіш құралы бар жеке тұлғаларға сараланған тарифтік құн бекітілмек. Мамандардың пікірінше, тарифтік саясаттың негізгі алғышарты электр энергиясын қымбаттатып, кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын көтеру болып отыр. Сонымен қатар, жаңа тариф су ресурстарын үнемдеп тұтынуға септігін тигізіп, сумен қамту кәсіпорындарынның техникалық базасын жаңғыртуға мүмкіндік бермек.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!