Шымкентте жетімдер үйінің қызметкері "стриптиз" көрсетті

Фотография - Шымкентте жетімдер үйінің қызметкері "стриптиз" көрсетті

Жетімдер үйінің түлектері уақытша тұратын мекеме жұмысшысының бұл қылығы ұялы телефонға түсіп қалған

232 0

Шымкенттегі "Жасөспірімдер үйінің" қызметкері жалаңаш билеп жүр.

Жетімдер үйінің түлектері уақытша тұратын мекеме жұмысшысының бұл қылығы ұялы телефонға түсіп қалған.

Көрініс Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасына қарасты "жасөспірімдер үйінің" асханасында түсірілген. Осында қызметке тұрған ұстаздардың бірі жаңа жұмысын "жуған" екен. Сол кеште бірінің биі қызып кетіп, шешінуге дейін барған.

Мекеме басшылығы мұны жоққа шығарғанымен, жасөспірімдер үйі директорының бұрынғы орынбасары бұл оқиғаны растап отыр. Белгілі болғандай жалаңаш билеген осы мекеменің вахтері. Ал осы оқиға бойынша басшылықтан шара қолдануын сұраған директордың орынбасары жұмысынан қуылыпты.

Зухра Нышанова, ОҚО "Жасөспірімдер үйі" директорының бұрынғы орынбасары:

- Бұл күлетін нәрсе емес. Осы мекеменің психологы жұмысқа тұрғанына арнап дастархан жайған болатын. Сол жерде орын алған жағдай. Сонда ұстаздар жетім қалған өспірімдерге не үлгі көрсетеді?!


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!