Өскеменді қардан тазартуға 300-ден астам техника жұмылдырылды

Фотография - Өскеменді қардан тазартуға 300-ден астам техника жұмылдырылды

Өскеменде жылдағыдан үш жарым есе артық қар түскен

193 0

Өскеменде жылдағыдан үш жарым есе артық қар түскен. Тіпті, осы қаңтар айында қала сыртына 80 мың текше метр қар шығарылыпты. Бұл аздай, соңғы күндері түскен қар көлемі ұлғайып, коммуналдық қызмет екі ауысымдық жұмысқа кірісті.

Тазалау жұмыстарына жалпы 300-ден астам техника жұмылдырылды. Екі ауысымға бөлініп жұмыс істеген мамандар қала көшелері мен тұрғындар жүретін жолдардың барлығын тазалап әлек. Қимылдамай жатқан тек жекеменшік дүкендер мен кеңселер ғана көрінеді. Дегенмен, коммуналдық қызмет өкілдерінің айтуынша, техника мен мамандар жеткілікті болғандықтан көлік қозғалысы қиындаған көшелер қалада жоқ.

Жандос БАЙЫРХАНОВ, қалалық Тұрғын үй шаруашылық бөлімінің бастығы:

- Қаланы қардан тазартуға техникалар түгел жұмылдырылып жұмыс істеп жатыр. Осы аптада шамамен 30 мың текше метр қар шығарылады деп жоспарланып отыр.


Тегтер:

Семей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!