Жалған ақпарат Алматы әуежайына 277 мың теңге шығын әкелді

Фотография - Жалған ақпарат Алматы әуежайына 277 мың теңге шығын әкелді

Алматы әуежайына жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпараттың құны 277 мың 519 теңге. Әуежай қызметкерлері мен тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызған осынау жайттың шығынын мамандар осынша болғандығын айтып отыр

168 0

Алматы әуежайына жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпараттың құны 277 мың 519 теңге. Әуежай қызметкерлері мен тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызған осынау жайттың шығынын мамандар осынша болғандығын айтып отыр.

Оқиға 19 қаңтар күні орын алған болатын. Күдікті жанның қоңырауынан Алматы әуежайы айтарлықтай шығынға ұшырады. Айналдырған екі сағаттың ішінде 17 рейс жолдан қалдырылды. Шығын әлі толығымен есептеліп біткен жоқ дейді әуежайдың қаржы бөліміндегілер.

Айта кетейік, дабыл қоңырауынан кейін құқық қорғаушылар әуежайды бірнеше сағат бойы іздеп шыққан. Алайда, ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Ал, бұл іске күдікті ретінде шығысқазақстандық сотталған азамат танылды.

Қазіргі таңда ШҚО түрмесінде тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеуді Қазақстанның көлік прокуратурасы өз мойнына алған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!