Павлодарда жарамсыз дөңгелекпен жүрген 200 жүргізушіге айып салынды

Фотография - Павлодарда жарамсыз дөңгелекпен жүрген 200 жүргізушіге айып салынды

Павлодар қаласының полицейлері соңғы үш күнде жазғы, әйтпесе тозығы жеткен қысқы дөңгелекпен жүрген 200-ден астам жүргізушіні ұстады

130 0

Павлодар қаласының полицейлері соңғы үш күнде жазғы, әйтпесе тозығы жеткен қысқы дөңгелекпен жүрген 200-ден астам жүргізушіні ұстады. Бұл жөнінде Павлодар ІІБ ЖПҚ арнайы ротасының командирі Қайыржан Шақарғалиев мәлімдеген.


«Бұған дейін біз жүргізушілерге тек ескерту жасап келдік. Енді айыппұл төлетуге ресімдеп жатырмыз. Жол тайғақ, боран, мұндай дөңгелектермен қалай жүруге болады? Соның салдарынан жол-көлік оқиғасы(ЖКО) орын алуы кәдік. Өздерінің қауіпсіздігі үшін. Айыппұл 5 АЕК көлемінде (8 565 тг)»,– деді Қ.Шақарғалиев.

Жол полициясының ақпары бойынша, жыл басынан бері 7 мың ЖКО орын алған. Соның 352 – көлікті іішмдік ішіп басқарған, 584-і жылдамдықты шамадан тыс үдеткен, 557-і жаяу жүргіншілердің жолда жүру ережесін бұзуы. Заң бұзушылар түрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 19,5 млн.тг айыппұл төледі. Сот шешімі бойынша 137 адам көлік жүргізу құқынан айырылды.

Қаңтар айында ЖКО-нан 5 адам қаза тауып, 23-і жарақаттанды


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!