ШҚО аумағында бірқатар жолдар жабық

Фотография - ШҚО аумағында бірқатар жолдар жабық

Шығыс Қазақстан облысы аумағында бірқатар жолдар жабық.

190 0

Шығыс Қазақстан облысы аумағында бірқатар жолдар жабық. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша боранға байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін мына жолдарда шектеу енгізілді:

"Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы" 54-123 шақырымындағы "Первомайка-РФ шекарасы" аралығында;

"Алматы-Өскемен" а/ж 977-1075 шақырымындағы "Қалбатау-Өскемен";

"Семей-Қайнар" жолының 8-284 шақырымы;

"Өскемен-Зырян-Рахман қайнары" 6-165 шақырымындағы. "Степное-Зырян" аралығында;

"Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" 320-900 шақырымындағы "Қарағанды обл.шекара-Ақсуат" аралығында;

"Өскемен-Риддер" 15-105 шақырымындағы "Белоусовка-Риддер" аралығында.

Сонымен қатар кеше сағат 23.00 бастап көктайғаққа байланысты "Өскемен-Семей" жолының 8-154 шақырымындағы "Өскемен-Таврия-Семей" аралығында тіркеме және жартылай тіркемесі бар автокөліктер түрлеріне жол жабылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!