Киіктерге аштан қырылу қаупі төніп тұр

Фотография - Киіктерге аштан қырылу қаупі төніп тұр

Қызылорда облысында киіктер жаппай қырылуы мүмкін.

199 0

Қызылорда облысында киіктер жаппай қырылуы мүмкін.

Қыс мезгілі түсісімен өңірде бірнеше рет нөсерлетіп жаңбыр жауған. Артынша аяз түсіпті. Салдарынан кейбір далалы аудандарда жерде қалыңдығы он сантиметрге жететін мұз қатқан. «Бөкендерге аштан қырылып қалмас үшін қамыстың өзі-ақ жетеді. Алайда, Ақтөбе облысынан ауып келген киіктер мұзды жарып, астындағы шөпті жей алмайды. Қазір Қызыл кітапқа енген осынау жануар түрлерінің жойылып кету қаупі төніп тұр» дейді Қызылорда облысы бойынша орман және аң шаруашылығы аймақаралық инспекциясының бастығы Шахизат Төребаев.

Бүгінгі таңда ақбөкендердің жүріп өтетін жолына жем-шөп дайындау туралы ұсыныс жергілікті әкімдікке жіберілген. Кеңсе дәуірінде мұндай шаралар жиі қолға алынатын. Ал, қазіргі есеп бойынша, елдегі киіктердің жалпы саны шамамен 150-мың басты ғана құрап отыр.


Тегтер:

Киік

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!