Астанада өлім-жітім көрсеткіші төмендеді

Фотография - Астанада өлім-жітім көрсеткіші төмендеді

деп хабарлады республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы

266 0

Астанада кейбір аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші төмендеді, деп хабарлады республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы.

«Қан айналым жүйесі ауруларынан өлім-жітім деңгейі 22,6%-ға, ишемиялық жүрек ауруынан 50%-ға, гипертониялық аурулардан 35%-ға төмендеді. Туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 25,4%-ға төмендеді. Өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары 65%-ға азайды», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, астаналықтардың денсаулық жағдайының жақсарғаны байқалады. Мамандардың айтуынша, бұған тұрақты түрде скрининг тексерулердің өткізілуі, көрсетілетін медициналық қызмет сапасының жақсаруы мен азаматтардың өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауы ықпал етті.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!