Шымкентте екпеден кейін екі айлық нәресте шетінеп кетті

Фотография - Шымкентте екпеден кейін екі айлық нәресте шетінеп кетті

Шымкентте екі айлық нәрестенің шетінеуіне екпе себеп болған. Баланың ата-анасы бұл оқиғаға дәрігерлерді кінәлап отыр

420 0

Шымкентте екі айлық нәрестенің шетінеуіне екпе себеп болған. Баланың ата-анасы бұл оқиғаға дәрігерлерді кінәлап отыр.

Айтуларынша, үш рет салынған екпеден кейін сәбидің жағдайы күрт нашарлаған.

Кішкентай Інжу облыстық балалар ауруханасында бар болғаны үш күн жатып, шетінеген.

ГАУҺАР АЙНАМҚҰЛОВА, НӘРЕСТЕНІҢ АНАСЫ:

- Әр адамға баланың өлімі өте ауыр. Туылғаннан бастап, оның әр қылығы көз алдымда. Оның қиналып, кейін жылауы көз алдымда. Мұндай қазаны өте ауыр жеткізу.

Өткен жылдың қарашасында өмірге келген сәбидің жарығы сөнді. Қара жамылған ата-ана бұл оқиға дәрігер салғырттығынан болды деп отыр.

ШОЛПАН МАМЫТХАНОВА, НӘРЕСТЕНІҢ ТУЫСЫ:

- 27-сі күні УЗИ тексеру жасадық. УЗИ-де бізде жеңіл бас сүйегінің қысымы дейді ғой. Сондай қорытынды алдық. Сосын кейін 4-і күні біз кәдімгі өзіміздің № 3 емханаға учаскелік дәрігеріміз Битембаева Жанарға қабылдауына бардық. Ол қорытындыны көрді. Сөйтті де енді сіздерге бірінші екпелеріңізді қабылдау керек деді. Черепной давлениясы бар балаларға бұл екпе салынбайды екен.

Араға екі апта салып ата-анасы нәрестеге бірден үш түрлі ауруға қарсы екпе жасатады. Осыдан кейін сәбидің жағдайы күрт нашарлай түскен. Қазір нәрестенің ата-анасы осы қайғылы жағдайға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен прокуратураға арызданыпты.

ҰЛБИКЕ МАМАШЕВА, НЕВРОЛОГ ДӘРІГЕР:

- Мен жазғанмын. Карточканы ашып оқыңдар. Ол уақытта ештеңе жоқ еді балада. Баланың  денсаулығы ешқандай сыр бермесе, бәрі жақсы болса, бәрі жақсы болған. Бірақ сары болғаны үшін жолдама қағаз берілген. Бала сарылау, анализ тапсырыңдар, УЗИ тапсырыңдар, одан қайтып келмесе мен ол баланың үйіне бармаймын ғой.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Медициналық қызмет сапасын қадағалау комитеті бұл оқиғаға қатысты түсінік беруден әзірге үзілді-кесілді бас тартып отыр. Белгілісі, қазірге арнайы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!