Қазақ-Мысыр ислам университеті түлектерінің 19 %-ы жұмыссыз жүр

Фотография - Қазақ-Мысыр ислам университеті түлектерінің 19 %-ы жұмыссыз жүр

Имамдардың кәсіби біліктілігі төмен. Бізде облыста 33 имам бар, соның 5-уі ғана кез келген топта өзінің айтарын дәлеледеп, халық арасында үгіт-насихатын жүргізе алады

230 0

Бүгінгі күні Қазақ-Мысыр ислам университеті түлектерінің 19 %-ы жұмыссыз жүр. Бұл жөнінде бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф айтты.

Кеңесте 2012 жылы өңірлік кеңестердің атқарған жұмысы, діни ахуалды зерделеу және талдау бойынша міндеттердің орындалу барысы, өңірдегі конфессияаралық келісімді сақтау және діни экстремизмнің алдын-алу мәселелері бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын жетілдіру шаралары туралы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстары әкімдері орынбасарларының есептері тыңдалды.

«Имамдардың кәсіби біліктілігі төмен. Бізде облыста 33 имам бар, соның 5-уі ғана кез келген топта өзінің айтарын дәлеледеп, халық арасында үгіт-насихатын жүргізе алады. Облыста имамдарға жағдай жасау мәселесі өткен жылдың соңында шешілді. 3 имамға және облыстық діни істер департаментінің маманына желтоқсан айында жаңа үйлерден пәтер берілді. Мұнымен қатар аудандардағы бас имамдарға 100 мың теңге, наиб- имамдарға 50 мың теңге, облыс орталығындағы мешіттердің бас имамдарына 150 мың теңгеден айлық тағайындап отырмыз. Сондай-ақ биыл ақпан айында 10 автокөлік сатып аламыз. Осы жұмыстардың барлығына 150-200 миллиондай жұмсағалы отырмыз», - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан.

Оның айтуынша, мұнымен қатар үкіметтік емес ұйымдарға қарастырылған қаржының 50 %-ы діни мәселелерге бөлінеді. Былтыр бұл мақсатқа 9 млн теңге бөлінсе, биыл оны бірнеше есеге өсіру көзделіп отыр. Шыңғыс Мұқан Атырау облысында имамдардың тапшылығы мәселесі өзекті екенін алға тартты.

«Өзіміздің жоғары оқу орындарымен байланыс орнату керек. Қазақ-Мысыр ислам университетінде оқып жатқан соңғы курстағы жастармен кездесіп, оларды жұмысқа тарту керек. Имамдардың жалақыларын 150 мыңға дейін көтеріп жатқан болсаңыздар, оқу орнының түлектері Атырауға баруға дайын. Біздің деректер бойынша, осы университетті бітірген жастардың 19 % -ы жұмысыз жүр. Ал сіздерге мамандар керек. Егер жағдайын жасап берем деп айтсаңыз, олар дипломын алғасын, ауылға бармай сіздерге барады. Әйтпесе, жастар ауылда, базарда жүреді немесе мешіттің жанында күзетші, шырақшы болып жүреді. Еуразия университетінде де жыл сайын дінтанушы мамандар дайындалады. Оларға 150 мың береміз десеңіздер, осы оқу орнының студенттері де барады», - деді ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!