Дәрігерлік қателік ШҚО-дағы 30 жастағы босанушы әйелдің өліміне себеп болды

Фотография - Дәрігерлік қателік ШҚО-дағы 30 жастағы босанушы әйелдің өліміне себеп болды

Ол баланы іштен жарып алу әдісімен дүниеге дені сау қыз бала әкелді.

241 0

Шығыс Қазақстанның Көкпекті ауданына қарасты Самарское ауылының №1 ауруханасында босанғаннан кейін қан кетуінен 30 жастағы Сәуле Нүсей көз жұмды.

Ол баланы іштен жарып алу әдісімен дүниеге дені сау қыз бала әкелді. Аурухананың бас дәрігері Ерлан Бүркітовтың айтуынша, босанушы әйелге ота жасаған жоғары кәсіби гинеколог дәрігер Данара Раева перзентханадағы жұмыстан шеттетілді.

«Әйелдің өлімі босану бөлімінің меңгерушісі болып табылатын дәрігердің кінәсінен болды. 30 жылдан астам еңбек өтілі бар дәрігер жедел араласудың барлық әдістерін білетін еді. Ол науқастардың отадан кейінгі жағдайы туралы хабарлау кестесін бұзды. Маған неге хабарламағаны туралы жауап бере алмады. Ауруханада толық көлемде және қажетті сапада қан да, дәрілік препараттар да болды. Өлімнің жалғыз себебі - дәрігердің қатесі», - деп мойындады Самар ауруханасының бас дәрігері.

Сәуле Нүсейдің жұбайы - Мұса Тұрсын 27 жасында әйелінен айырылды. Енді оның жаңа туған қызы мен екі кішкентай баласын өзі бағып-қағуына тура келеді.

Жұбайының өлімі туралы хабарды ол босанғаннан кейін келесі күні таңертең жергілікті молдадан естіді. Мұсаның анасы - келіні жатқызылған санитарлық арбаны бөлімдегі отадан кейін апаруға көмектесті. Әйел дәрігердің назарын қанның көп кетуіне аудартты, бірақ оның сөзіне ешкім құлақ аспады.

Қазіргі кезде арнайы құрылған комиссия жас әйелдің босанғаннан кейін болған өлімінің егжей-тегжейін тексеруде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!