"Жоғалған $10 млрд" ғаламторда қызу дау тудырды

Фотография - "Жоғалған $10 млрд" ғаламторда қызу дау тудырды

"БҰЛ –  ЖОҒАЛҒАН МИЛЛИАРДТАРДЫҢ ЖАРТЫСЫ ҒАНА"

194 0

Қазақстан президентінің "ұлттық банктің дағдарыспен күресу үшін бөлген он миллиард доллары із-түзсіз кетті" деген мәлімдемесі Facebook желісінде талқыланған басты тақырыпқа айналды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 23 қаңтарда Ақордада өткен жиында "ұлттық банктің дағдарыспен күресу үшін бөлген он миллиард доллары белгісіз жаққа жоғалып кетті" деп мәлімдеген еді.

Ал 24 қаңтарда экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ербол Досаев:

– Он миллиард доллар жоғалған жоқ. Егер сіздер естісеңіздер, президент осы соманы бюджетке қайтаруға тапсырма берді. Бұл қаржы Қазақстанның банк секторларына жұмсалды. Президенттің айтқаны жұмсалған соманы қайтару туралы болған, – деді.

"ОН ТЕҢГЕ ЖОҒАЛҒАНДАЙ ӘСЕР"

Қазір әлеуметтік желілерде президент пен министрдің осы мәлімдемелері қызу талқыланып жатыр.

– Дамыған елдерде он миллиард доллар жоғалса, ел билігі мен үкіметі отставкаға кетеді. Ал Қазақстанда ондай болмады. Билік он теңге жоғалғандай қабылдады. ​​Бұл президенттің елдегі жағдайды бақыламай отырғанын аңғартады, – дейді саясаткер Болат Әбілов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

Ал Қайрат Әміров есімді азамат министрдің мәлімдемесінен кейін өз парақшасында:

– "Ит үреді керуен көшеді" деп, халықтың ақшасына қол сала береміз, – деген жазба қалдырыпты.

Интернет қолданушылардың бірі Алексей Жансейітов министр Досаевтың айтқанына сенбейтінін жазады.

– Министр ақша банкте жатыр дейді. Ал банктердің барлығы бос, халықтың ақшасын айналдырып отыр. Бұл келмеске кеткен қаржы, – дейді интернет қолданушы.

"БҰЛ –  ЖОҒАЛҒАН МИЛЛИАРДТАРДЫҢ ЖАРТЫСЫ ҒАНА"

Әли Жакупов есімді интернет қолданушы өз парақшасында "президент осы мәлімдемесі арқылы халықты алда келе жатқан қиын өмірге дайындап жатыр" деген ой айтқан.

Ал Қуаныш Мақажанов деген интернет қолданушы өзінің және халықтың зейнетақы қоры жоғалып кете ме деп қауіптенетінін жазыпты.

– Бірнеше жылдан кейін халықтың жинаған зейнетақысы жоғалды десе, таң қалмаймын, – дейді ол.

Илмира Хамраева есімді интернет белсендісі:

– Бұл іс-түссіз жоғалған миллиардтардың жартысы ғана, – деп біледі.

Ал Назерке Саниязова есімді интернет қолданушы "миллиардерлердің жоғалғаны туралы әңгіме бітіп, енді миллиардтар жоғалу туралы әңгіме басталды" дейді.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!