Маңғыстауда "Сибу" жұмысшылары ереуілдеп жатыр

Фотография - Маңғыстауда "Сибу" жұмысшылары ереуілдеп жатыр

Маңғыстау облысында "Сибу" компаниясының жұмысшылары сенбі күні жұмысқа шығудан бас тартты.

159 0

Маңғыстау облысында "Сибу" компаниясының жұмысшылары сенбі күні жұмысқа шығудан бас тартты.

"Бүгін таңертең кен орнындағы жұмысқа шыққанымыз жоқ. Аймақтағы басқа компаниялармен салыстырғанда ең төменгі еңбекақы алып жүрмыз, баға болса қымбаттап жатыр. Басшылардан еңбекақымызды 40 пайызға өсіруді, сонымен бірге осыған дейін жыл сайын беріліп келген 13-ші айлықтың биыл да төленуін талап етеміз" деді өз аты-жөнін айтқысы келмеген жұмысшылар.

Олардың айтуынша, Бозашы, Жетібай, Қаламқас кен орындарының бірнеше ондаған жұмысшылары әкімшіліктен жауап болмайынша жұмысқа кірісуден бас тартқан.

Сенбі күні түске дейін "Сибу" компаниясының Алматыдағы және Ақтаудағы кеңселерінде телефон тұтқасын ешкім көтермеді.

"Біз қазір кен орнына кетіп барамыз, қатардағы мәселе, ешқандай төтенше оқиға болған жоқ. Бұдан басқа ақпарат бере алмаймын" деді Ибраева.

Қытайдың "Сибу" (XIBU) мердігерлік компаниясының әлемнің бірқатар елдерінде еншілес кәсіпорындары бар. Компания Қазақстандағы кен орындарында бұрғылау жұмыстарын атқарады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!