Орал қаласы аумағында 63,5 шақырым электр желісі тартылды

Фотография - Орал қаласы аумағында 63,5 шақырым электр желісі тартылды

Өткен жылы тұрғындарды электр қуатымен үздіксіз қамту мақсатында Орал қаласы аумағында 63,5 шақырым электр желісі тартылды

215 0

Өткен жылы тұрғындарды электр қуатымен үздіксіз қамту мақсатында Орал қаласы аумағында 63,5 шақырым электр желісі тартылды.

Қала әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, Оралға қарасты Деркөл кентінде ұзындығы 26,2 шақырым болатын электр желісі пайдалануға берілді. Бұған 126,8 миллион теңге жұмсалды.

Сонымен қатар Зачаган кентіндегі «Сарытау» жеке тұрғын үйлер ауданында /2-ші кезең/ және қаланың солтүстік-шығыс ауданында 21,8 шақырымға созылған электр желісінің құрылысы аяқталды. Бұл мақсатқа қазынадан 282,6 миллион теңге бөлінді.

Зачаган кентіндегі «Сарытау» жеке үйлер ауданын электр желісімен қамтамасыз ету жұмыстары /3-ші кезең/ аяқталуға жақын. 15,5 шақырымға созылған желіге 204,298 миллион теңге қарастырылды.

Зачаган кентінде «Орал-Атырау», «Орал-Саратов» тас жолдары аралығында бой көтеріп жатқан жаңа тұрғын үйлердің инженерлік желілерін жетілдіруде көлемді жұмыстар атқарылды. 32,5 миллион теңгеге 3,53 шақырымға созылған газ желісі тартылды. 448 миллион теңгеге жылыту орталығы салынды. Жоба құны 430,1 миллион теңгені құрайтын 15 шақырымдық электр желісі тартылуда. 2,2 шақырымдық жылу желісіне 206,1 миллион теңге жұмсалып, жұмыстар жалғасуда. 97,2 миллион теңгеге 8,4 шақырым болатын кәріз желісінің құрылысы басталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!