Маңғыстауда "Сибу" жұмысшылары ереуілді тоқтатты

Фотография - Маңғыстауда "Сибу" жұмысшылары ереуілді тоқтатты

Жиында компания басшылығы 13-ші айлықты беруге келісті

182 0

Маңғыстауда еңбекақыға қатысты талап қойып, жұмысқа шығудан бас тартқан "Сибу" компаниясының жұмысшылары ереуілді тоқтатып, жұмыстарына шықты деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Маңғыстау облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 қаңтарда облыс әкімі Алик Айдарбаев Жетібай және Солтүстік Бозашы кен орындарында бұрғылау жұмыстарымен айналысатын "Сибу" компаниясының басшылығымен, жұмысшылармен кездескен.    

"Жиында компания басшылығы 13-ші айлықты беруге келісті. Жұмысшыларға наразылық акцияларын ұйымдастырған кездегі еңбек заңдылықтарын сақтау керегі айтылды. Нәтижесінде барлық бригада жұмысшылары ереуілді тоқтатып, күндізгі ауысымда жұмысқа шықты" деген әкімнің баспасөз қызметінен.

26 қаңтар күні таңертең Бозащы, Жетібай, Қаламқас кен орындарында бірнеше ондаған жұмысшы басшылардан еңбекақыны 40 пайызға өсіруді, жыл сайын беріліп келген 13-ші айлықтың биыл да төленуін талап етіп, жұмысқа шықпай қойған еді.

Қытайдың "Сибу" (XIBU) мердігерлік компаниясының әлемнің бірқатар елдерінде еншілес кәсіпорындары бар. Компания Қазақстандағы кен орындарында бұрғылау жұмыстарын атқарады.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!