Ішкі әскердің жас сарбаздары ант қабылдады

Фотография - Ішкі әскердің жас сарбаздары ант қабылдады

Әскери ант – кез келген әскер өміріндегі ерекше маңызды рәсім болып саналады

228 0

Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Алматы құрамасына қарасты 5513, 5514 әскери бөлімдеріне шақырылған жас жауынгерлер сенбі күні салтанатты жағдайда Отанға адал қызмет етуге ант берді.

Әскери ант – кез келген әскер өміріндегі ерекше маңызды рәсім болып саналады. Әскери ант жылдар өте келе халықтық дәстүрден құқықтық нормаға өсті. Бүгінгі қазақ әскерінің сарбаздары бабалар дәстүрін берік ұстанып, Отанға адал қызмет етуге, оны қасық қаны қалғанша қорғауға ант береді.

Тараз және Талдықорған қаласындағы әскери бөлімдерге биыл Қазақстанның әр өңірінен 500-ден астам сарбаз шақырылған болатын. Жас жауынгер курсынан өтіп, салтанатты жағдайда әскери ант қабылдаған оларды Ішкі әскер ардагерлері запастағы полковник Владимир Лозовой,м отставкадағы подполковник Халиль Каипов, Ішкі әскер Алматы құрамасы командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Нұрбай Бектұрсынов пен тыл жөніндегі орынбасары майор Асхат Есембеков, әскери бөлім командирлері подполковниктер Нариман Акбаров пен Нұрлыбек Елеусізов құттықтап, жауынгерлік қызметте табыстар тіледі.

Әскери ант қабылдаған сарбаздар енді 11 ай бойы Тараз, Талдықорған қалаларында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау, Тараз қаласындағы 3 түзеу мекемесін күзету бойынша қызметтік-жауынгерлік тапсырмалар орындайтын болады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!