Соғым – Бразилиядан, қымыз – Германиядан

Фотография - Соғым – Бразилиядан, қымыз – Германиядан

Күні бүгінге дейін жал-жаяны қалай дайындауды өзгеге үйретіп келген қазақ енді қысқы соғымын Еуропадан алдырып, «импортный ет» жеуі әбден мүмкін

313 0

Кеше ақпарат көздерінде қазақтың соғымына қатысты тосындау ақпарат жарияланды: Күні бүгінге дейін жал-жаяны қалай дайындауды өзгеге үйретіп келген қазақ енді қысқы соғымын Еуропадан алдырып, «импортный ет» жеуі әбден мүмкін

Себебі еліміздің жайма базарларында Бразилияның соғымы, немістің қазы мен шұжығы, қырғыздың қатырылған сүзбесі (брынза) мен ірімшігі деген атаумен ет өнімдері пайда болып, сатылымға түсе бастаған. Егер бұған тоқтау салмасақ, Оңтүстік Америка мен неміс, қырғыз фермерлері Қазақстанның бас қалаларының тұрғындарын қысқы соғыммен қамтамасыз етіп отырған ауылдағы ағайынды нәпақасынан айыруы әбден мүмкін. Себебі жеңсік асқа келгенде қолдағыға мұрын шүйіріп, шекараның арғы бетіне көз тігу біздің әдетіміз емес пе?!.

Мамандардың айтуынша, Қа­зақстанда жыл сайын сүттің небәрі

27 пайызы ғана өндіріледі. Демек, қалған сүт өнімдері шетелдерден тасымалданады. Ал еттің бар болға­ны 25 пайызы өңдеуге жіберіліп, 75 пайыз ет өнімі сырттан жеткізіледі. Бұл салада импортқа тәуелділік әлі де қалыптасып отыр. Ауыл шаруа­шылығы министрлігінің мәліметі бойынша, 2011 жылы өндірілген жә­­не өңделген ауылшаруашылық өнім­дерінің жалпы тауар айналы­мы

5 784,6 млн АҚШ долларын құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 192,4 пайызға өскен. Өңделген азық-түлік тауарларының жалпы айналымы

3 805,3 млн АҚШ долларын құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 184,6 пайызға өскен. Оның ішінде 2 835 млн АҚШ доллары немесе 74 пайызы импорттың үлесінде.

– Біріншіден, біз аграрлы-ин­дустриялы ел болсақ та, жалпы тауар айналымында импорт үлесінің ба­сым екендігін (67,5пайыз) және соңғы жылдары елімізде ауыл шаруашы­лығы саласының дамуына ерекше көңіл бөлініп жатқанына қарамас­­тан, өндірілген және өңделген ауыл­шаруашылық өнімдерін шетел­ден сатып алу үрдісінің өсіп отыр­ғанын көрсетеді. Ал өңделген азық-түлік өнімдерінің тауар айналы­мы­на келетін болсақ, мұнда да импорт­тың үлесі соңғы жылдары жыл сайын

өсіп отырғанын және 2011 жылы ол 74 пайыздан асып түскенін, яғни елімізде тұтынылатын өңделген азық-түлік өнімдерінің басым көпшілігі шетел өнімдері екенін байқаймыз, – дейді сенатор Қуаныш Айтаханов.

Қазір жылқы еті – Ресейден, мүйізді ірі қара – Польшадан, ал тауық еті – АҚШ-тан келеді. Олардың қатарын қымыз бен қазымыздың бас иесі болып Германия толықтырып тұр. Қазақтың қазы-қартасын неміс жеріне жеткізген жан 1990 жылдардың басында ата қонысына көшіп кеткен қазақстандық неміс азаматы Виктор Шредер екенін екінің бірі біле бер­мейді. Қазақтың жал-жаясы мен

қазы-қартасының дәмі таңдайында қалып қалған неміс азаматы тарихи отанына көшіп барған соң жылқы өсіруді кәсіпке айналдырып, өз елінің ішкі нарығын өзіне қаратып алған.

Мамандар әлемдік нарыққа біз­ді «Сыбаға» бағдарламасы шығара­тын шығар деп үміттеніп отыр. «Осы бағдарлама аясында қазақтың жал-жаясы, қазы-қарта-шұжығын, сыйлы қонақтың сыбағасы ретінде жіліктеп, мүшелеп, сүрлеп әдемі қораптарға салып, «Сыбаға» деп ат қойып, жеңсік ас ретінде патенттеудің кезі келді» дейді олар.

– Қазақтың соғымға деген қа­жеттілігін әзірге ауылдағы ағайын ғана қамтамасыз етіп келеді. Біз осы мүмкіндікті пайдалануымыз керек. Егер қаржылай көмек көрсете алсақ, бізге «Сыбағаның» түр-түрін ауылдағы ағайындарымыз-ақ қамтамасыз ете алады. Ел ішінде қатты сұранысқа ие болып жатса, әлемдік нарыққа шығу да аса қиын емес, – дейді экономист Мырзакелді Кемел.

 

Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙ


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!