Малшыларға жәрдемақы төлеуге ұсыныс жасалды

Фотография - Малшыларға жәрдемақы төлеуге ұсыныс жасалды

Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылық басқармасының өкілдері ҚР Үкіметіне «өрістегі мал шаруашылығын дамыту үшін ең алдымен маман мәселесін шешу керек

183 0

Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылық басқармасының өкілдері ҚР Үкіметіне «өрістегі мал шаруашылығын дамыту үшін ең алдымен маман мәселесін шешу керек.

Сонымен қатар малшылардың отбасы мүшелеріне еңбек өтілдеріне қарай, еңбекақыдан бөлек жәрдемақы тағайындалуы қажеттігі жөнінде» ұсыныс жолдамақ. Олар бұл ата кәсіпті жатсынып, тіпті оны пайдасыз деп санайтындарға ой салатын, мықты әдістердің бірі дейді.

Әзірге облыстық шаруашылық саласының мамандары дайындаған бұл ұсыныс ары қарай толықтырылу үстінде. Осы арқылы  жергілікті билік өкілдері жақында ғана Елбасы атап көрсеткен  ел дамуының 7 бағыты ішіндегі «шалғайда мал өсіру саласын қалыпқа келтіру» туралы тапсырма  жедел әрі  сапалы жүзеге асады деп санайды.  Мамандардың айтуынша,  тек қаржылық жағдайын жасаған  кезде ғана,  мал шаруашылығымен  айналысатын отбасылар қатары көбеюі мүмкін. Осыдан соң оларды  баспанамен,  жарықпен, сумен қамтамасыз ету  туралы сұрақтар өзінен-өзі шешілетін болады дейді  атқарушы билік өкілдері.

Дүйсенбай СЕЙІЛХАНОВ, ШҚО ауылшаруашылық басқармасының бастығы:

- Мал шаруашылығында істейтін шабанның, жылқышының, малшының жәрдемақысын төлеу үшін  қалай істеу керек. Біз ойлап отырмыз, әр адамға 1 жылдан 3 жылға дейін 25 мың теңге, 3 жылдан 5 жылға дейін 30 мың теңге, 5 жылдан асса 35 мың теңге төлесе. Қосымша айтып отырмыз, жұмыс істеп жүрген адамның балаларына оқуға квота бөлінсе.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!