Бала асырап алатын шетелдік отбасы қатаң іріктеуден өтеді

Фотография - Бала асырап алатын шетелдік отбасы қатаң іріктеуден өтеді

Соңғы 14 жылда ел азаматтары 38 мыңнан астам жетім баланы асырап алған

203 0

Соңғы 14 жылда ел азаматтары 38 мыңнан астам жетім баланы асырап алған. Ал 9 мыңға жуық жетім шетелдіктердің қамқорлығына берілген.

Сондықтан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға берудің тәртібін күшейту қажет. Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Раиса Шер мәлімдеді. Оның айтуынша, биылдан бастап, бала асырап алу бойынша агенттіктерді аккредиттеу жүзеге асырылады. Яғни, арнайы агенттіктер арқылы бала асырап алуға ұсыныс берген шетелдік отбасы қатаң іріктеуден өтеді. Cонымен қатар балалардың қандай санаты асырап алуға жататынын анықтайтын жергілікті жерлерде ведомствоаралық комиссия құрылады.

Бақыт ӘЛІБАЕВА, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:

- Бүгінгі күні Гаага конвенциясына біздің нормативтік-құқықтық заңнамамыз сәйкес болып отыр. ҚР Үкіметінің 10 Қаулысы қабылданды. Оның алтауы бала асырап алу тәртібіне байланысты. Өткен жылы толық шетелдік агенттіктерді аккредиттеу басталды. Биылғы жылдың 18 қаңтарында ол процесс бітіп, бүгінгі күні шетелдік агенттіктер бала асырап алу процесіне дайындалуда.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!