Астанадағы орталық базардың әкімшілігі өрт шығынын өтеуден бас тартуда

Фотография - Астанадағы орталық базардың әкімшілігі өрт шығынын өтеуден бас тартуда

 Бұл жөнінде аталған базардағы №7 бутиктің иесі Жұмабай Әубәкіров мәлімдеді

158 0

Астанадағы өртке оранған Орталық базардың әкімшілігі өрт шығынын өтеуден бас тартып отыр. Бұл жөнінде аталған базардағы №7 бутиктің иесі Жұмабай Әубәкіров мәлімдеді.


«Базар әкімшілігіне жолықтық. Бастапқыда кабинетіне аттап бастырмай, табалдырығында күттіртіп қойған еді. Ішке кіруге қару асынған күзеттен бата алмадық. Ақыры сөйлесуге кірдік. Бірақ әкімшілік тарап қолдау көрсетудің орнына, бізді қорқытып, қоқан-лоқы жасады. Егер БАҚ өкілдеріне хабарласып, арыз-шағым айтар болсаңдар, базардан қуып жіберемін деді. Онысымен қоймай, бар кінәні өзімізге тағып, өрт шығынын өтеуден бас тартып отыр. Кінә бізден дейді, егер сараптама қорытындысы әлі дайын болмаса, олар қалайша бізді айыптай алады, түсінбеймін», - дейді бутик иесі.

Жұмабай Әубәкіров әкімшіліктің мына ісіне әділдік іздеп, сотқа шағымданбақшы.

«Біз базар әкімшілігі қойған талаптардың барлығын орындап келдік, ешқандай ереже бұзған жоқпыз. Себебі, айыппұл жиі салынатын, ал артық шығынның ешкімге қажет емес екені анық. Барлығымыздың бала-шағамыз бар, төлейтін кредитіміз тағы бар, ал бүгін табыс көзінен айырылып отырмыз. Әрине, өзгелер үшін жауап бермеймін, ал өз басым әділдік іздеп, ертеңнен бастап сотқа шағымданбақпын», - деді Ж.Әубәкіров.

Еске сала кетсек, кеше Астана қаласының Орталық базарында өрт шықты. Тілсіз жау сағат 11:04-те басталып, 15:11-де өшірілді. Өрт сөндіру жұмыстарына Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 76 адам және 17 негізгі мен 7 арнайы техника жұмылдырылды Өрт көлемі шамамен 1000 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!