Қазақтың болашағын «көк жәшік» «тәрбиелеп» отыр

Фотография - Қазақтың болашағын «көк жәшік» «тәрбиелеп» отыр

Теледидардың адам психологиясына әсері туралы әңгімені екінің бірі айтады

257 0

Теледидардың адам психологиясына әсері туралы әңгімені екінің бірі айтады. Бірақ төріңіздегі «көк жәшіктегі» «дөңгелеген дүниені» реттеудің бір мәнісі келмей-ақ қойды. Кейде тіпті сонымен айналысатын, ұлтқа жанашыр білікті маман жоқ-ау деп қаласың? Әйтпесе, ұрпақ санасын улап жатқан теріс насихатты, зиянды бағдарламаларды тыятын уақыт әлдеқашан жеткен жоқ па? Тәуелсіздік алғанымызға 22 жыл өтсе де қазақ қоғамы әлі күнге дейін Ресейдің телеөнімдерін тұтынып отыр. Осыған күйінген Олжас есімді көрермен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі М. Құл-Мұхаммедке хат жазыпты.


Ол министр мырзадан телеарналарда көрсетілетін бағдарламарды, жаңалықтарды белгілі бір нормативті актілермен қадағалап, бақылап отыруын сұраған. «Мұндай іс-шаралар көптеген елдерде жүзеге асырылған. Себебі кейбір арналарда, мысалы КТК арнасының жаңалықтары мен бағдарламары мүлдем адам психикасына жақпайтын заттарды көрсетеді. Мұндай ақпараттар жасөспірімдер, әсіресе бүлдіршін балалардың ой өрісіне жағымсыз әсер етеді. Ал жастар біздің болашағымыз. Мысалға 2000-ші жылдары көрсетілген "Бригада" атты Ресей сериалын көрген мектеп оқушылары білім беру орталықтарының қабырғаларында бір-бірімен атысып, төбелескен»,– деді өскелең ұрпақтың болашағына алаңдаулы Олжас.

Хат мазмұнынан әңгімелеушінің нақты бір оқиға туралы, әйтпесе жалпы жағдайды айтып отырған-отырмағаны белгісіз. Бірақ, хатта көтерілген мәселенің көкейтесті екені, нағыз өзекті өртейтін кілтипан екені даусыз. Өйткені ертең ел тағдырына жауапты болатын бүтін бір ұрпақты, қазақтың болашағын «көгілдір экранның» «тәрбиелеп» отырғанын несіне жасырамыз. Жақында ғана Мәдениет және ақпарат министрі лауазымын иеленген Мұхтар Абрарұлының үлкен ұлт жанашырларының бірі екенін білеміз. Сондықтан, бұл мәселенің маңыздылығын ескере отырып, көптің көңілін алаңдатқан күрделі жайттың оңтайлы шешілуіне ықпал етеді деп сенеміз.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!