Қызылорда облысының әкімі Сырдария ауданында болды

Фотография - Қызылорда облысының әкімі Сырдария ауданында болды

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ аудандарын аралауды одан әрі жалғастыруда. Ол бұған дейін Шиелі және Жаңақорған аудандарында болып, жергілікті жағдаймен етене танысқан еді

198 0

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ аудандарын аралауды одан әрі жалғастыруда. Ол бұған дейін Шиелі және Жаңақорған аудандарында болып, жергілікті жағдаймен етене танысқан еді.

Сыр өңірінің жаңа басшысы Қырымбек Көшербаев бүгін Сырдария ауданына келді. Ол аудан орталығында бірқатар нысандарды аралап көргеннен кейін, Қалжан ахун атындағы ауылға ат басын бұрды. Елді мекендегі орта мектеп пен спорт мектебіне аялдаған әкім шешімін таппай келе жатқан бірқатар проблемалар жайына қанықты. Солардың бірі - ауылдағы орта мектеп ғимаратының жайы. Күрделі жөндеуді күтіп тұрған оған әкім бұған көмектесуге уәде берді.

Облыстың жаңа әкімі Қырымбек Көшербаевты қай жерге кездесуге барса да, жергілікті халық өте бір ықыласты көңілмен жылы қарсы алуда. Сол кездесулердің бәрінде де оның алдынан жылдар бойы шешімін таппаған алуан түрлі өзекті мәселелер шығуда. Қарапайым жұрт сол проблемаларды жаңа әкімнің шеше алатынына имандай сеніп отыр.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!