Астананы қардан тазалауға тәулігіне 350-ден астам адам жұмылдырылады

Фотография - Астананы қардан тазалауға тәулігіне 350-ден астам адам жұмылдырылады

деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі

214 0

Синоптиктер осы аптада елордада сынап бағаны -15 – - 20 градустан артық төмендемейді деп болжам жасап отыр. Күн ашық. Осы сәтті пайдаланып, қаланың барлық аумағын қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.

Қыс мезгілінде жалпы көлемі 11 млн ш.м аумақты алып жатқан көшелердегі жол бөліктерін, жаяужолдарды қардан тазалап, жаяу жүргіншілердің жайлы жүріп-тұруына жағдай жасау – негізгі мақсаттардың бірі. Егер есептесек, бас шаһардағы жаяу жүргіншілер тротуарының жалпы көлемі 5 млн шаршы метрден асады екен. Статистика қыс басталғалы елордада 1,8 млн текше метрден астам қар тазаланып, полигонға шығарылды деген мәлімет береді. Қазір су тасқынының алдын алу жоспары аясында қаланың барлық қызметі тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшірілген. Орта есеппен бір тәулікте қаланы қардан тазалауға 369 адам мен 857 техника жұмылдырылады. Мәселен, бүгін Сарыарқа ауданы аумағын механикалық тәсілмен қардан тазалауға 134 мамандандырылған техника жіберілді. Ал орамішілік аумақтарды тазалауға 12 мердігерлік мекеме қатыстырылса, олардың тоғызы тоңды қолмен ойып, қарды қолмен күреп шығарады. Көше тазалығындағы механикаландырылған және қолмен атқаратын жұмыстардың негізін «Астана-Тазалық» ЖШС-ның мердігерлік мекемелері атқарады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!