Биыл Алматы автопарктері 400 жаңа автобуспен толықпақ

Фотография - Биыл Алматы автопарктері 400 жаңа автобуспен толықпақ

Биыл Алматы қаласының автопарктері 400 жаңа автобуспен толығады деп жоспарланып отыр.

290 0

Биыл Алматы қаласының автопарктері 400 жаңа автобуспен толығады деп жоспарланып отыр. Бұл жайында қала әкімі Ахметжан Есімов өз блогында мәлімдеді.

Соңғы уақытта әкім блогына шаһардағы қоғамдық көліктердің сапасына шағым айтып хат жазатындар көбейген. Көпшілігі жол ақысының тым қымбаттығын айтады. Астана мен Алматыны салыстырған Ерік есімді тұрғын: «Елорданың өзінде жол жүру ақысы 60 теңге. Алайда, Алматы Астанадан әлдеқайда үлкен және халқы да көп. Жолаушылар көп болғаннан кейін ақша да молынан түседі. Бұрын үш автобусқа төлеген ақшамызбен қазір екеуіне де міне алмай қалдық. Қазақстан бойынша ең қымбат жол ақысы бізде болғандықтан тиісті сапаны да талап етеміз» дейді.

Ахметжан Есімовтың айтуынша, жол жүру ақысының деңгейін қалалық мәслихат үш жылда бір рет қарастырады екен. «Төрт жыл қатарынан қоғамдық көліктердегі бағаны қымбаттатқан жоқпыз. Автопарк иелерінен қызмет көрсету сапасын да қатаң талап етеміз. Рейдтік шаралар өткізіледі, ереже бұзғандары жұмыстан қуылады» деп жазған қала әкімі өз блогында.

Сонымен қатар, шаһар басшылығы ағымдағы жылы қалаға 400 жаңа автобус әкелуді жоспарлап отырғандығын айтты. Ал, кондукторларды уақыт өте автоматтандырылған жүйелер алмастырмақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!