ШҚО-да республикалық маңыздағы үш автожолда қозғалыс шектелді

Фотография - ШҚО-да республикалық маңыздағы үш автожолда қозғалыс шектелді

Бұл туралы «Қазавтожол» РМК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

373 0

Бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектеулігіне байланысты бүгін, 31 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысында көліктің барлық түрлері үшін республикалық маңыздағы үш автожолда жол учаскелері жабылды.

Бұл туралы «Қазавтожол» РМК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, "Өскемен-Зырян-Рахман қайнары" а/ж 6-166 шақырымы, "Степное-Серебрянск" арылығы;

- «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» а/ж 105-191 шақырымы, "Риддер-РФ шекарасы" аралығы;

"Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы" а/ж 81-123 шақырымы, "Рассыпное айналымы-РФ шекарасы" аралығы қозғалыс үшін жабылды.

Аталған жолдарға автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі)  арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!