ШҚО аумағындағы республикалық жолда көлік қозғалысы жанданды

Фотография - ШҚО аумағындағы республикалық жолда көлік қозғалысы жанданды

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

208 0

ШҚО аумағындағы «Өскемен-Зырян-Рахман қайнары» жолының  6-66 шақырымындағы «Степное-Серебряновск» аралығында көлік қозғалысы жанданды. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап кетейік, Шығыс Қазақстан облысы бойынша  боранға байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін мына жолдарда көлік қозғалысы шектелген:

1. 28.01.13 ж. сағат 12.00 бастап «Өскемен-Риддер-РФ.шекара» а/ж 105-191 шақырымындағы "Риддер-РФ шекара" аралығында;

2. 28.01.13 ж. сағат 12.00 бастап "Өскемен-Шемонайха-РФ шекара" а/ж 102-123 шақырымындағы "Шемонайха-РФ шекарасы" аралығында.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның Жол пайдалану бөлімшесі арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!