Сырттай білім алғандар жұмысқа қабылданбауы мүмкін

Фотография - Сырттай білім алғандар жұмысқа қабылданбауы мүмкін

Оңтүстік Қазақстан облысында қазақ тілі пәні мұғалімі мамандығын сырттай оқыған азаматтар жұмысқа қабылданбауы мүмкін

118 0

Оңтүстік Қазақстан облысында қазақ тілі пәні мұғалімі мамандығын сырттай оқыған азаматтар жұмысқа қабылданбауы мүмкін.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов сырттай білім алғандардың мектепке орналасуына шектеу қоюды тапсырды. Өйткені, аймақта тіл үйрететін мамандар жаппай сырттай оқып, жұмысқа орналасатын болып алған. Ал бұл оқушыларға сапалы білім беруге кедергі келтіруі мүмкін.

Бір ғана Отырар ауданында қазақ тілі пәні мұғалімдерінің 66 пайызы сырттай оқыған. Ал Бәйдібекте 62, Кентауда 48 пайыз ұстаз білімді сырттай алған екен. Оның үстіне олардың 90 пайызы жекеменшік оқу орындарын бітірген.

«Әр түрлі жолдарын тауып, білім министрлігі тарапынан шешім шыққанға дейін мынаны біз шұғыл түрде тоқтатуымыз керек. Тоқтату керек мынаны», - деді облыс әкімі Асқар Мырзахметов.

Бұл мәселе тілдерді дамыту басқармасының бастығы Балхия Көмекбаеваның есеп беру жиынында көтерілді. Өйткені, сала басшысы тіл үйретуде мұғалімдердің біліктілігі басты рөл атқарады деп есептейді.

«Медицина саласында сырттай оқуға тыйым салынған, ол адамның өміріне қауіп-қатер келетін болғандықтан. Ал білім саласының одан да жауапкершілігі мол. Бұл бүкіл ұрпаққа қауіп келтіретін нәрсе деп мен өзім түсінемін», - деп атап өтті Б.Көмекбаева.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!