Желден қуат алсақ деп едік...

Фотография - Желден қуат алсақ деп едік...

Павлодар облысында жел электр ста­н­сасын салу жоспарланып отыр. Бұл мә­ліметті «Павлодар» әлеуметтік-кәсіп­кер­лік корпорациясы жариялады

126 0

Павлодар облысында жел электр ста­н­сасын салу жоспарланып отыр. Бұл мә­ліметті «Павлодар» әлеуметтік-кәсіп­кер­лік корпорациясы жариялады.

Станса Ақмола облысымен шектесетін Екібастұздан 100 шақырым жерде салын­бақ. Шетелдік іскерлердің қолдауымен жү­зеге асатын жобаның құны – 15 млрд теңге.

«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның басқарма төрағасы Алмас Мәдиевтің айтуына қарағанда, салынатын жел электр стансасының қуаттылығы 50 МВт. Жобаны бірлесе іске асыруға білек сыбана құлшыныс білдіріп отырған бір­неше компания бар. Олармен жылдық 5-7 пайызбен 8-10 жылға ұзақмерзімдік ли­зинг желісін ұсынатын меморандумға қол қойылып та үлгерді.

Несі бар, жақсы бастама. Соңғы жыл­дары айқын сезіле бастаған электр қуаты тапшылығының орнын осылай толтыруға әрекет жасасақ, оның тиімділігі ел эконо­ми­касына да оң әсер етері сөзсіз.

Гүлнар Тәжиева

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!