Дәрігерлер планшетпен жүретін болады

Фотография - Дәрігерлер планшетпен жүретін болады

Заманауи құралдар дәрігерлердің де қолына тимек. Енді жедел жәрдем қызметтері де планшетпен жұмыс істейтін болады

178 0

Заманауи құралдар дәрігерлердің де қолына тимек. Енді жедел жәрдем қызметтері де планшетпен жұмыс істейтін болады.

Электрондық қызмет жүйесін әзірге Астана қаласының медициналық жылжымалы жедел қызметі пайдалануда.

Астанадағы жедел жәрдем қызметіне күн-түн демей шақырылған жерге уақытында бару міндетті саналады. Тек кейде қала көшелеріндегі көлік кептелісі кедергі болады. Ал қазір жедел жәрдем қызметінің жұмысы біршама жеңілдеген. Медициналық бригада электронды планшеттік құрылғымен жұмыс істейді. Онлайн жүйе жедел қызметтің жүргізушісіне де қолайлы.

Олег ГРУЖЕВСКИЙ, жүргізуші:

- Жаңа құрылғыдан соң, жұмысымыз бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеп қалды. Планшет арқылы шақырған жердің мекенжайын қиналмай табамыз. Уақытымызды үнемдейміз әрі науқастар да көп күтпейді.

Электронды планшет құрылғысы «Е-жедел жәрдем» инновациялық жоба аясында жүзеге асқан. Әзірге елорданың 59 жылжымалы жедел қызметі пайдалануда. Көпсалалы планшет жедел жәрдем бригадасына  қала көшелеріндегі көлік кептелісін айналып өту, жүру уақытын қысқарту, науқаспен тікелей байланысқа шығуға мүмкіндік береді.

Қанат ТӨСЕКБАЕВ, Астана қаласы жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері:

- Мүмкіншілігі мол болғандықтан, біз бұл планшетті өзіміздің диспетчерлік орталықта орнатылған АДС бағдарламасымен интеграция жасаған болатынбыз. Бұл интеграция нәжитесінде бізде жаңағы түскен шақыртуды бригадаға беру уақыты қысқарды. Егер бұрын радиотолқынмен беретін болсақ, қазір тікелей онлайнтолқын арқылы бере аламыз. Сәйкесінше, біз 5-10 мин қысқартып отырамыз.

Электрондық жоба жедел медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға, сондай-ақ, қайталама шақырулар мен кедергілерді азайтуға мүмкіндік туғызады.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!