Зейнетақы мен жәрдемақы ХҚО-да берілетін болды

Фотография - Зейнетақы мен жәрдемақы ХҚО-да берілетін болды

Оралдағы халыққа қызмет көрсету орталығы зейнетақы және жәрдемақы төлеуге қатысты қызмет түрлерін ұсына бастады.

158 0

Оралдағы халыққа қызмет көрсету орталығы зейнетақы және жәрдемақы төлеуге қатысты қызмет түрлерін ұсына бастады.

Бүгінгі таңда орталық мемлекеттік қызметтің 100-ден астам түрі бойынша тұрғындардан өтініш пен арыздарды қабылдайды.

21 қаңтардан бастап әлеуметтік салада маңызды болып табылатын жаңа 7 қызмет түрі қосылды. Яғни, бұл қызметтердің басты артықшылығы – тұрғындар бұрынғыдай зейнетақы төлеу орталығында кезекке тұрмайды. Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі қолайлы. Дүйсенбі мен сенбі аралығында таңғы сағат 09.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін арыздарды электронды әдіс бойынша қабылдап, аз уақытта құжаттарды рәсімдей алады.

Бақыт БЕКМАҒАНБЕТОВА, Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері: Бала туған кезде жәрдемақы, зейнеткерлерге зейнетақы, мүгедек жандарға зейнетақы тағайындау секілді қызмет көрсете аламыз. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!