Өткен жылы жеті мыңдай адам қаңғыбас иттерден зардап шеккен

Фотография - Өткен жылы жеті мыңдай адам қаңғыбас иттерден зардап шеккен

Алматы облысында  қаңғыбас ит талаған тұрғындар саны көбейіп барады

240 0

Алматы облысында  қаңғыбас ит талаған тұрғындар саны көбейіп барады. Санитарлық қадағалау департаментінің мәліметі бойынша, 2011 жылы алты жарым мың, ал 2012 жылы жеті мыңға жуық адам иттен зардап шеккен. 

Қаңғыбас иттерді аулап, көзін жою - жергілікті атқарушы биліктің міндеті. Алайда ветеринар мамандар «бұл жұмыстың өзіндік қиындықтары бар» деп отыр.

Өткен жылы  Қарасай ауданында көршісінің иті талаған 8 жасар бала ауруханада көз жұмды.  Талдықорғанда да ит қапқан адамдарға медициналық көмек көрсетілуде.

Светлана  НҰРМҰХАМБЕТОВА, қалалық аурухананың бас дәрігері:

- Былтыр Талдықорғандағы облыстық ауруханада ит қауіп жарақаттанған 9 адамға ем-дом жасалды. Үш науқас ұзақ уақыт жатып ем қабылдаса, алты адам үйден келіп екпе алып жүрді.

Дегенмен санитарлық дәрігердердің айтуынша, күні бүгінге дейін ит қауып құтырма дертіне шалдыққан адам жоқ. Есесіне мал мен жан-жануар арасында құтырма ауруы өршіп тұр екен.

Ерғали СЫДЫМАНОВ, Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық  қадағалау департаментінің директоры:

- Жалпы ауыл шаруашылық малдары арасында жабайы жануарлар арасында  29 жағдай тіркелді.  Оның  22-сінің кәдімгі зертханалық жағдайда құтырғаны анықталды.

2011 жылға дейін қараусыз қалған иттерді жеке ветеринарлар  аулап келсе, 2012 жылдан бастап арнайы станса құрылды. Бірақ иттердің қаңғыбас болуына тұрғындардың өздері кінәлі.

Құдайберген НҰРАҚОВ, қалалық ветеринарлық станцияның директоры:

- Көп жағдайда иттің иелері қиншылық тудырады.  Итін жіберіп қояды. Барып айтсақ, түсінбейді.  Әсіресе, жеке секторда, мектептің жанында бұралқы иттер көп жүреді.

Қоғамға қауіп төндірмес үшін қаңғыбас иттерді аулаудың арнайы ережесі бар. Тұрғындардан немесе мемлекеттік мекемелер арнайы өтініш жазады. Ветериналар итті бұрынғыдай атып тастамайды, әуелі арнайы құралмен ұйықтатады.

Дәрімен ұйықтатылған соң, иттің көзін жоюға өтініш жазған адамның қатысуымен хаттама толтырылып қала сыртындағы аранйы қорымға апарып өртеледі.  Осындай машақаты көп жұмысты атқаруға екінің бірі бара бермейді.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!