Қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда дін маңызды рөл атқарады

Фотография - Қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда дін маңызды рөл атқарады

бөгде діни ағымдардан сақтану тақырыбы айрықша орын алады.

180 0

Қазіргі таңда қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мен нығайтуға бағытталған саяси, экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық шаралар кешенінде діни ахуал, бөгде діни ағымдардан сақтану тақырыбы айрықша орын алады.

Дін өрісі бойынша талдамалық істер, сауалнамалар, этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін шыңдау, тәртіп қағидаларын қалыптастыруға арналған кездесулер, дәрістер өзінің оң нәтижесін беріп, тұрғындардан қолдауға ие болып отыр. Сондай шаралардың бірі Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің орталығында өткізілді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер бұл кездесуді ашып, жүргізген аудан әкімінің орынбасары  Меңзипа Жұматованың сөзіндегі басты арқауға айналды. Атап айтқанда, біздің көпұлтты қоғамымыз табысының негізі - жаңа қазақстандық патриотизмді өзіміз бен балаларымыздың бойында тәрбиелеуіміз керек. Бұл ретте еліміздің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сай келетін діни сананың орны орасан. Жаңа Жолдауда діни экстремизмнің қаупі, соқыр фанатизмнің халқымыздың психологиясы мен діліне мүлдем жат екені, әсіресе жастар арасында соларға қарсы профилактиканы күшейту нақты, ұғынықты баяндалды. Әр отбасында, тәрбие мен білім ордаларында біздің үйімізге, ауылымызға, мемлекетімзге қатер қайдан екенін жақсы біліп, бұл жөнінде білімді молайтуы аса маңызды.

Сыртқы күштердің, әлдебір білгішсымақтардың кесірінен елімізде, Батыс Қазақстанда да Хақ жолынан адасқандар аз емес. Олардың бісыпырасы «қайтып үйірін тапты». Осылай алтын уақытты жойып алғандар мен бүлдіргіш ұйымдардың қырсығы жайында кездесуде бейнефильм көрсетілген соң тұрғындар, оқушылар, жастардың сұрақтарына жауап бере отырып, облыстық дін істері департаментінің бас маманы Мақсат Раманқұлов, облыстық «Жайық» деструктивтік көмек орталығынаң төрағасы Жарас Аханов, аудан прокуроры Қуанышбек Қапезов, ішкі саясат бөлімінің бастығы Тілек Ғабдушев, Чапаев мешіті бас имамының көмекшісі Еркінбек Серікұлы сөз алды, ой-толғамдарымен кеңінен бөлісті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!