Астананың Алматы ауданында 338 автокөлігі бар 11 таксопарк жұмыс істейді

Фотография - Астананың Алматы ауданында 338 автокөлігі бар 11 таксопарк жұмыс істейді

Алматы ауданында тұрғындар мен қала қонақтарын тасымалдаумен 338 автокөлігі бар 11 таксопарк айналысады.

225 0

Алматы ауданында тұрғындар мен қала қонақтарын тасымалдаумен 338 автокөлігі бар 11 таксопарк айналысады.

Баспасөз хабарламасына қарағанда, 2012 жылы аудан тұрғындарының сұранысы бойынша автобус бағдарларының жүйесін оңтайландыру жұмыстары да жүзеге асырылған. Атап айтқанда, №3, 33, 34 автобустардың бағдарлары ұзартылып, жаңа әкімшілік аймақ пен «Мастер-2» сауда үйі аралығында қатынайтын №50 жаңа автобус бағдары іске қосылды. №3, 28, 41 автобус бағдарларының саны артты. Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, ауданда «Астанателеком» қалалық телекоммуникация желілерінде 110 402 телефон нөмірін қамтитын түрлі модификациялы 3 телефон стансасы, 109 абоненттік байланыс орны, 2 радио жүйесі және 7 базалық станса қызмет етеді.

«Жыл ішінде, «Астанателеком» қалалық телекоммуникация орталығы Абылай хан даңғылы мен Жастар шағын ауданында орналасқан 18 тұрғын үйге телефон желісін жүргізіп, 15 мың нөмір орнатты. 12 мектеп интернет желісіне қосылды», - делінген хабарламада.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!