СҚО-да суықтан зиян шеккендерге көмек көрсету үшін Европалық Комиссия шамамен 56 мың еуро бөлді

Фотография - СҚО-да суықтан зиян шеккендерге көмек көрсету үшін Европалық Комиссия шамамен 56 мың еуро бөлді

2012 жылғы желтоқсанның ортасынан  бастап Солтүстік Қазақстанда қар көп түсіп, қатты аяздар тұрды, бұл ретте ауа температурасы минус 40-46 градусқа дейін төмендеді

179 0

Солтүстік Қазақстанда суықтан зиян шеккендерге көмек көрсету үшін Европалық Комиссия шамамен 56 мың еуро бөлді, деп хабарлады комиссия.

 

2012 жылғы желтоқсанның ортасынан  бастап Солтүстік Қазақстанда қар көп түсіп, қатты аяздар тұрды, бұл ретте ауа температурасы минус 40-46 градусқа дейін төмендеді. Бұл электрмен жабдықтау және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің ажыратылуына әкеліп соқты. Әсіресе үйсіз, қараусыз балаларды, жалғыз басты аналарды және жалғыз егде адамдарды қоса, шамамен осал 5 000 адам қатты зиян шекті.

 

«Еуропалық Комиссия осалдар қатарындағы 2000 зиян шеккендерге көмек көрсету үшін  55 800 евро бөлді. Бұл көмек жылдың ең суық айларын жабу үшін, ақпанның аяғына дейінгі кезеңде азық-түлікті, жылы киімді және аяқкиімді бөлуге пайдаланылады», - делінген хабарламада.

 

Көмек Қызыл крест пен Қызыл Жарты ай қоғамдарының Халықаралық Федерациясының (IFRC) апаттар кезінде шұғыл көмек көрсету Қорынан (DREF)  қаржыландыру кезінде жұмыс істейтін Қазақстанның Қызыл жарты ай қоғамы арқылы көрсетіледі.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!