Мемлекеттік тіркеу нөмірлері ресми түрде сатылады

Фотография - Мемлекеттік тіркеу нөмірлері ресми түрде сатылады

Елімізде мемлекеттік тіркеу нөмірлері төңірегіндегі алып-қашпа әңгімелер қызу талқылануда

256 0

Елімізде мемлекеттік тіркеу нөмірлері төңірегіндегі алып-қашпа әңгімелер қызу талқылануда.

Әсіресе, 001, 007  тәрізді «әдемі» нөмірге қомақты қаржы төлеп, қол жеткізгісі келетіндер ғаламторға да жарнамаларын жайғастырған. Бірақ Жол полициясы комитетінің мамандары бейресми деректердің ақ-қарасын ажыратып,  нақты мағлұмат берді.

Ғаламтор желілерінде 001, 007 нөмірлерін сатамын не болмаса сатып аламын деген жарнамалардан көз сүрінеді. Беделі жоғары қаңылтыр  үшін кейбірі  5000 мың АҚШ долларын беруге дайын екендіктерін жазған. Алайда Жол полициясы комитеті заң бекітілмейінше, жаңа үлгідегі оғаш нөмірлерге қол жеткіземін деп байбалам салу бос әуре екендігін алға тартты.

Марат ЖҰМАҒҰЛОВ,  ҚР ІІД ЖП комитеті төрағасының  орынбасары:

- Қазіргі уақытта «Жол қозғалысы туралы» Заң ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралуда. Ол Заңда беделді деп танылған «001, 777, 002 сынды нөмірлер ресми сатылатын болады» деп көрсетілген. Нақтылап өтер болсам, ол тек заң жобасы қабылданғаннан кейін жүзеге асады. Мысалы, 001-009 аралығындағы нөмірлері 450 мың теңгенің көлемінде болса, 111, 222 нөмірлері 250 мың теңгені құрайтын болады. Бірақ заң бекітілмейінше, оған қол жеткізу мүмкін емес.

Жол сақшылары қымбат көліктерге бекітілген мемлекеттік тіркеу нөмірлері оларға жолда ойқастауға мүмкіндік бермейтіндігін жеткізді. Себебі заң барлығына ортақ. Мүдде – біреу.

Бекайдар ДОСЖАНОВ, ІІД ЖПБ жеке батальонының командирі:

- Қазір 001, 777 сияқты нөмірлердің берілуіне қазір мораторий жарияланды. Бірақ Жол полициясы үшін  көліктегі нөмірлердің маңызы жоқ. Заң барлығы үшін бір. Дұрыс нөмір алып, ойына келгенін істеуге мүмкіндік болады деп ойлау  бекер. Біздің басты мақсатымыз – жол қауіпсіздігін сақтау.

Бізге жаңашылдық оғаш болып көрінгенімен, әлемнің түкпір-түкпірінде бұл тәжірибе кеңінен қолданылуда. Мәселен, Біріккен Араб Әмірліктерінде бірегей аукцион ұйымдастырылады. Біріншіден, қалталы азаматтар  өз абыройын асқақтатса, екіншіден, Үкіметтің қазынасы қосымша қаржымен толығады. 

Көзге түсер көрікті нөмірлерді тосып жүргендер санында шек жоқ. Неге екені белгісіз 007, 001 сынды мемлекеттік тіркеу нөмірлеріне деген сұраныс жоғары. Жол полициясы комитеті егерде заң ҚР Парламенті Мәжілісінде бекітілетін болса, сатылған нөмірлерден түсетін ақша сөзсіз қазына қаржысын арттырар еді деп отыр.

Ал көрпесіне қарап көсілетін дүйім жұрт белгілі де беделі жоғары нөмірлер біз үшін маңызды емес дейді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!