Қағылған шегені тісімен суыратын азамат елордада тұрады

Фотография - Қағылған шегені тісімен суыратын азамат елордада тұрады

Қағылған шегені тісімен суырып алатын адамның барына сенесіз бе? Иә, ондай адам бар. Тісі темірдей мықты адам Астанада тұрады

202 0

Қағылған шегені тісімен суырып алатын адамның барына сенесіз бе? Иә, ондай адам бар. Тісі темірдей мықты адам Астанада тұрады,

деп хабарлайды 24.kz.

Қазір ол Республикалық ұланда әскери қызметте. Бір қызығы үлкен шегелерді қас-қағым сәтте қолымен түйіншектеп тастайды. Жерлесіміз қазір Ресейдің «Минута славы» телешоуына қатысып, ширек финалға өтті.

Үлкен шегелерді алақанымен қағу, оны тісімен жұлып алу, сынған шыныларды жалаң аяқ басып, сындыру - Сергей Цырульников үшін түк емес. Бұл өнерді ол бір-екі жыл бұрын ғана үйрене бастаған. Қолдың күші жетпейтін затты тісімен оңай көтереді.

- Бұл өнерді үйренгеніме көп бола қойған жоқ. Бұрын қызығатынмын. Өнерді қолға алған соң, өзімді кәдімгідей рухани түрде тәрбиеледім. Өнер көрсеткенде көбі сенбей, келіп қолымды, тісімді тексеріп жатады. Туыстарым, достарым мені қолдайды, - дейді ол.

Жерлесіміз бұл өнері арқылы күллі Ресей жұртын да таң қалдырды. Қазір сонда өтетін телешоудың ширек финалына қатыспаққа дайындалып жатыр. Бұйыртса ерекше өнер көрсетіп, рекорд жаңартуға тырысамын дейді.

Сергей бүгінде Республикалық ұлан қатарында спорт шеберлерін дайындайды. Гвардияға 2006 жылы әскери борышын өтеуге келген жас сарбаз келісімшартпен қызметін жалғастырған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!