2017 жылға қарай елордада жеңіл рельсті жүрдек трамвай жүре бастайды

Фотография - 2017 жылға қарай елордада жеңіл рельсті жүрдек трамвай жүре бастайды

2017 жылға қарай Астанада жеңіл рельсті жүрдек трамвай желісін іске қосу жоспарлануда

166 0

2017 жылға қарай Астанада жеңіл рельсті жүрдек трамвай желісін іске қосу жоспарлануда.

Ол қала аумағында 50 шақты құраммен қызмет көрсететін болады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтынан хабарланды,

«Қазіргі таңда Президент пен Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, елорда әкімдігі «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасын жүзеге асыруда. Жобада жеңіл рельсті жүрдек көліктің желісін құру қарастырылады. Бұл көлік түрі бас қаланың негізгі транспорттық жүйесіне айналады және қаладағы қоғамдық көліктің барлық түрлерін біріктіреді. Жеңіл рельсті көлікті трамвайдың жаңа түрі ретінде атаса да болады», - делінген баспасөз хабарламасында. Жобаға сәйкес, оны жүзеге асыру үш кезеңді қамтиды. Желінің жалпы ұзындығы 42,1 шақырымды құраса, оның жерүсті участогы 12, эстакадалық жолы 30 шақырымды құрайды. Астананың климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, жабық стансаларда желдеткіштер мен жылытқыштар да қарастырылатын болады. Жолаушылар қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жерасты өтпелері, лифтілер мен экскалаторлар қамтылады.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!