Ауыл қазағына жер жетпей жатыр

Фотография - Ауыл қазағына жер жетпей жатыр

Ауылдықтардың бір бітпейтін проблемасы – жер

335 0

Ауылдықтардың бір бітпейтін проблемасы – жер. Сондықтан мал баққан қазақ жайылым үшін, шабындық үшін кей-кейде Құдайы көршісімен де қырғи қабақ болып қалуы мүмкін. Енді бір өңірлерде елді мекенді айналдыра егін салып тастағандықтан ауыл тұрғындары қолдарына оншақты аша тұяқтың өзін ұстай алмай отыр. Өндіріс ошақтары жоқ иен даланы жайлаған ағайынның жалғыз күнкөріс көзі – қорасындағы малы. Сондықтан, жердің жетіспеушілігі ауылдағы ағайын-тумаға қалай қиын тиіп отырғанын өздеріңіз бағамдар беріңіздер.


Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы (қазіргі Ақжайық ауданы) Бауыржан есімді бауыр ҚР Ауыл шаруашылығы министрi министрінің блогына хат жазып, осы мәселені шешіп беруін сұрайды. Хатта былай делінген: «1994 жылы 11 мамырда жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитет төрағасы Е.Бисалиевтің қолымен және осы мекеме мөрімен бекітілген, аудан әкімінің 1 ақпандағы № 17 шешімімен ЖЕР ҮЛЕСІНЕ ҚҰҚЫ ЖӨНІНДЕГІ № 259 КУӘЛІК бойынша Қадырханов Қайыржанға 379,2 га жер үлесіне құқық берілді», деп ресми құжат мәтінін сол күйінде көшіріп бере отырып, министрден Кеңес Одағы тарқаған тұста осындай жер үлестеріне құқық барлық ауыл тұрғындарына берілген болатын. «Бүгінгі таңда бұл жер үлестеріне кім иелік етеді?», «90-шы жылдарда жерге иеленуге берілген құқық күшінде қалды ма?», «Әлде сонынан құрылған жеке шаруа қожалықтары меншігіне өтіп отыр ма?» деп көңілдегі көп түйткілін төкпелей келіп, жалпы бұл мәселені шешумен айыналысатын құзырлы мекеме бар ма деп сұрайды. Сондай-ақ, ертең сырттан ақшалы шетелдік кәсіпкерлер келіп, осы бізге тиесілі жерлерді заңдастырып, біз жерсіз қалып қоймаймыз ба деген күдігінің шетін шығарды.

Бауыржан ауылдағы ағайын-тумаларымен бірге өздерінің мал және егін шаруашылығымен айналысуды жоспарлап отырғанын, сондықтан осы жерлердің заңды иелері ретінде сол құқымызды қалпына келтіріп, жермен қайтадан айналысу үшін мемлекет тарапынан қандай көмек беріледі деп ҚРАуыл шаруашылығының министрі А.Мамытбековке сұрау тастайды.

Жоғарыдағы хаттан Қадырхановтар әулеті, болмаса Бауыржанның өзі жерді бұған дейін пайдаланды ма, болмаса жер телімін алғалы пайдаланылмай бос жатып қалып, мемлекет оны қайтып алды ма, сол жағы белгісіз болып қалған. Дегенмен, Бауыржанның қазір мал өсіремін, егін саламын деген ниеті құптарлық. Сондықтан жергілікті билік Бауыржанға қолдау көрсетеді деген үміттеміз.

Сөз соңы. Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша 9 орында, халқы саны жағынан 62-ші орында. Халқы бізден әлденеше есе көп жұрттар қазақтың бір ғана облысындағыдай аумақта-ақ емін-еркін өсіп-өніп-дамып отыр. Сонда қазақ мына далиған далаға қай байлығын сыйғыза алмай қиналады екен деп таң қаласың?

Дәулетқали Асауов


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!