БҚО-да АҚТҚ/ЖҚТҚ-ның жыныстық жолмен таралуы көбейген

Фотография - БҚО-да АҚТҚ/ЖҚТҚ-ның жыныстық жолмен таралуы көбейген

Бұл жалпы есептегі науқастардың 70%-ы.

273 0

Батыс Қазақстан облысының дәрігерлері АҚТҚ/ЖҚТҚ вирусын жыныстық жолмен жұқтыру көбейе түскенін хабарлап отыр. Өткен жылы вирусты жыныстық жолмен 29 адам жұқтырған. Бұл жалпы есептегі науқастардың 70%-ы.

2013 жылдың басына дейін Қазақстанда 19748 АҚТҚ жұқтырушы анықталса, соның 432-сі БҚО-да екен. Науқастардың негізгі бөлігі – 80%-ы облыс орталығының тұрғындары. Дауасыз дертке душар болғандардың тең жартысы жұмыссыздар екен.

«Науқастардың 60%-ы есірткіні тамыр арқылы қабылдаудан жұқтырған. Жыныстық жолмен жұқтыру көбейіп барады. 2010 жылы осындай жолмен 16 адам жұқтырған, ол науқастардың 45%-ы. 2012 жылы дертке осылай тап болған 29 адам анықталды. Бұл жалпы есептің 70%-ы», - дейді ЖҚТҚ-ның алдын алу және күресу орталығының бөлім бастығы Наталья Абсельямова.


Тегтер:

АҚТҚ таралуы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!