Ел өңірлерінде 49 жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетеді

Фотография - Ел өңірлерінде 49 жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетеді

Көліктік медицинасының дамуы арқасында 49 жылжымалы медициналық кешен елдің ең шалғай түкпірлерінде халықтың денсаулығын тексеруде

282 0

Көліктік медицинасының дамуы арқасында 49 жылжымалы медициналық кешен елдің ең шалғай түкпірлерінде халықтың денсаулығын тексеруде,

деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстанда медицинаның жаңа бағыты - көліктік медицина енгізілді. Бүгінде диагностикалаудың жаңа жүйелерімен жарақтанған 49 жылжымалы медициналық кешен елдің ең шалғай түкпірлерінде халықтың денсаулығын тексеруде», - делінген ақпаратта.

Жалпы, медициналық кешен базасында дәрігерлер бригадасы 530 мыңнан аса адамды тексерістен өткізіп, бір миллионнан астам зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, 450 мыңнан астам консультация берілген.

Бұдан басқа, ауруды бастапқы кезеңінде анықтауға арналған медициналық бағыттағы 3 пойыз іске қосылған. Шалғай ауылдарда тұратын 63 мыңнан астам қазақстандық «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» пойыздарының арқасында медициналық көмек алды.

Көліктік медицинаның маңызды бағыты Санитарлық авиация бойынша республикалық үйлестіру орталығының жұмысы болып табылады. Бұл орталық әуе көлігін қолдану арқылы шұғыл медициналық көмектің сапасын және қолжетімділігін арттыруды жақсартуға,ел халқының өлімі мен мүгедектігін төмендетуге арналып құрылған. Орталық 2012 жылы 1005 рет ұшуды қамтамасыз етіп, 1300 астам медициналық қызмет, 450 консультативтік қызмет көрсетіліп, 90 операция жасалған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!