Ақтауда «көкек әкелерді» елдің көзінше ұялтпақ

Фотография - Ақтауда «көкек әкелерді» елдің көзінше ұялтпақ

Ақтауда сот орындаушылары алиментшілермен күрестің ерекше тәсілін тауыпты. Енді борышкерлердің толық аты-жөні мен тұрақты мекен-жайы жергілікті БАҚ-та жарияланатын болды

267 0

Ақтауда сот орындаушылары алиментшілермен күрестің ерекше тәсілін тауыпты. Енді борышкерлердің толық аты-жөні мен тұрақты мекен-жайы жергілікті БАҚ-та жарияланатын болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы бойынша Сот актілерін орындау жөніндегі департаментінде.


Департамент мамандары бала-шағасына тиесілі қарызын бермей қашып жүрген алиментшілерді осындай жолмен ұялтып көрмек. Сот орындаушылары ұйымдастырып отырған акция «Ол өзінің баласының алдында қарыз» деп аталады.

«Көкек әкелерден» алимент өндіріп алу қияметтің қияметі. Өз еркімен алимент төлеуге тек борышкерлердің үштен бірі ғана әзір. Қалғандары қашып жүр»,– деді алиментті өндіріп алу бөлімінің бастығы Динара Насырова.

Былтыр Ақтау аумақтық сот орындаушылары бөлімінің өндірісінде 4700 іс жатқан. Олардың мерзімдік орындауда тұрғаны 2000 құжат. Бұлардың 500-і қарыздарын өз еріктерімен қайтарды. Биыл қаңтар айында алимент төлеу бойынша 3750 іс тұр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!