Австриядан әкелінген 722 бас ірі қара мал төлімен бірге жойылатын болды

Фотография - Австриядан әкелінген 722 бас ірі қара мал төлімен бірге жойылатын болды

Әкелінген мал ветеринарлық талаптарға сай карантинге алынған еді

123 0

2012 жылдың қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан облысының «Леонов» ШҚ және «Полтавское» ЖШС Австриядан 722 бас ірі қара мал әкелінген болатын.

Әкелінген мал ветеринарлық талаптарға сай карантинге алынған еді.

Карантиндік іс-шараларды өткізу барысында «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМҚ және «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ММ қоздырғыш вирустық диареясы мен Шмаленберг ауруы анықталды.

Орнатылған диагнозға байланысты ҚР Үкіметінің Қаулысына сай Австриядан әкелінген барлық мал төлімен бірге жойылатын болып шешілді, - деп хабарлады   ҚР АШМ баспасөз қызметі.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!