Керекулік журналист Обамаға хат жазды

Фотография - Керекулік журналист Обамаға хат жазды

Шульба гидроэлектростансасы (Shulbinsk HPP) 1997 жылдан бастап америкалық AES энергетикалық компаниясының басқаруына берілген.

229 0

Ақ үйдің ресми сайтында жарияланған ашық хатта керекулік журналист Федор Ковалев АҚШ Президенті Барак Обамадан америкалық инвесторлардың Қазақстанның мүддесіне қайшы келмей, Ертіске толыққанды су жіберуіне ықпал етуін сұрайды. Айта кетейік, Шульба гидроэлектростансасы (Shulbinsk HPP) 1997 жылдан бастап америкалық AES энергетикалық компаниясының басқаруына берілген.

«Соңғы 4 жыл бойы көктемте AES Ертістің сағаларының су жинақтау ырғағын өрескел бұзып отыр. Қыс бойы жинақталған қар суы Ертіске көп кештетіп жіберіледі. Ол өзен суының табиғи түрде жайылуына мүмкіндік бермей келеді. Соның кесірі экологияға кері әсер етіп, өңірдің ауыл шаруашылығына және Қазақстан халқының төрттен біріне зиян тигізіп жатыр. Әсіресе өзен ағысының төменгі жағында орналасқан Павлодар облысы көп зардап шегіп отыр. Кейінгі кездері шабындық және жайылым жерлердің шөбі сұйылып кетті. Осыдан барып сирек өсімдіктер мен құнды балық түрлерінің жойылу қаупі туды. Экологиялық апат төніп келеді», – делінген хатта.

Журналистің айтуынша, ол өз хатын фейсбуктағы парақшасын және Обамның жеке Twiitter сілтемесіне жіберген.


Тегтер:

Обама

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!