Мемлекеттік сатып алуға қатысты істер саны өсіп отыр

Фотография - Мемлекеттік сатып алуға қатысты істер саны өсіп отыр

БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына өткен жылы 2627 талапарыз түсті

308 0

БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына өткен жылы 2627 талапарыз түсіп, соның 2076-сы бойынша өндірісі аяқталған.

Сот төрағасы Самат Жанұзақовтың айтуынша, соның ішінде 1620 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған. Өткен жылы мемлекеттік сатып алуға қатысты істер саны өсіп, 2011 жылғы 419-дан 572-ге жеткен. Апелляциялық тәртіппен 363 шешім қаралған. Күші жойылған және өзгертілген сот актілерінің үлесі 3,6 пайызды құрады.

Сот шешімдері бойынша 414,9 млн. астам теңге өндірілсе, 69,5 млн. теңге мемлекет пайдасына төленді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!