Сырдарияда сең қозғалды

Фотография - Сырдарияда сең қозғалды

Күн қабағы жылы шырай танытып, Сырдарияда мұз жүре бастады.

669 0

Күн қабағы жылы шырай танытып, Сырдарияда мұз жүре бастады. Өзен бойымен жылжыған сең қазір Қызылорда облысының Оңтүстік Қазақстан өңірімен шекаралас Жаңақорған ауданының Өзгент елдімекені тұсында тұр

Яғни, сең тұрған жерден облыс орталығына дейінгі ара қашықтық 370 шақырым. Дария деңгейі 110 см-ге дейін түскен. Мұздың қалыңдығы 15-16 см. Бүгінде Сырдария өзенінің арнасымен сағатына 450 текше/метр су ағуда. Төтенше жағдайлар департаменті мамандары қазіргі таңда ешқандай қауіптің жоқ екенін хабарлады. Өйткені, қазір Шардара су қоймасында 3,4 млрд текше метрге жуық су бар. Әлі 1,5 млрд текше метр қабылдай алады. Сондай-ақ Көксарай су реттегіші де дәл осындау ауқымды суды сидыруға қауқарлы. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып облыстың су шаруашылығы мамандары биылғы егін маусымын қажетті деңгейде сумен қамту үшін, қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану маңызды,- дейді.

Мақсат - егілетін егіс көлеміне толыққанды суды жеткізіп беру. Сондықтан біз Шардарадан төмен түсіп жатқан судың көлемін біздің ұсынымыз бойынша секундына 400 текше метр су төмен түседі. Бірақ Көксарай су реттегішіне біз 200 текше метр суды алдырамыз деп отырмыз.

Тәулік бойы қазір кезекшілік ұйымдастырылған. Төтенше жағдайлар ықтимал участоктар бойынша қазіргі таңда барлық жерге арнайы техникалары бар мекемелер бекітілген. Кез-келген уақытта шұғыл әрекет жасауға. Сонымен қатар жанар-жағармай қорымен, қап және басқа да құрал-жабдықтармен толық жабдықталған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!